Тамыры терең театр:: Алматыда Қуыршақ театры 90 жылдығын атап өтті

Қазақтың рухани қазынасын арқау еткен «Ортеке» спектаклінің тұсаукесері өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда республиканың тұңғыш Қуыршақ театры 90 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

1935 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің бастамасымен құрылған өнер ордасы ғасырға жуық балаларға шаттық сыйлап қана қоймай, ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Мерекелік іс-шараға орай театрдың 90-маусымының шымылдығы түріліп, көрермен назарына қазақтың рухани қазынасын арқау еткен «Ортеке» спектаклінің тұсаукесері өтті

«Ортеке» туралы спектакль жасап, оны басты кейіпкер ету идеясы шамамен екі жыл бұрын келген. Оның тарихына кіріспей тұрып, арнайы зерттеу жасадық. Қойылымда айтыс ұйымдастырамыз, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын көрсетеміз. Сол аспаптардың үндестігінен тұтас бір оркестр құрып шығамыз», – деді  «Ортеке» спектаклінің режиссері Григорий Лайко.

Мерекелік іс-шара аясында театрдың тарихы мен жетістіктерін қамтыған «Тамыры терең театр: 90 жылдың ізімен» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бұл еңбек архивтік деректерден бастап бүгінгі шығармашылыққа дейінгі кезеңді қамтып, болашақ зерттеушілер мен өнерпаздарға құнды мұра болмақ. Сондай-ақ өнер ордасының басшысы театрдың болашаққа жоспары көп екенін жеткізді.

«Көптеген елдермен меморандум жасалды. Оның ішінде  Туркияға, Франция, Италияға бару жоспарда бар. Алдыңғы уақыт көрсетеді», – деді Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры алмат Амангелді.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында дәрігерлер 1 жастағы баланың білегін кесуге мәжбүр болды

Новости партнеров