Таразда церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға ота жасалады

Дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін Белоруссиядан ортопед-травматологтар келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараздық дәрігерлер церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды аяққа тұрғызу үшін облыстың өзінде ота жасайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тірек қимыл апаратының ақауы бар және туа бітті буын аурулары бар балаларға операция жасау үшін бұған дейін Астана, Алматы қалаларына баратын. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін Белоруссиядан келген ортопед-травматологтармен 5 күн бойы 20-дан аса операция жасайды. Мамандар тізесі, буыны ашылмайтын балалар мен сүйек, сіңір, бұлшық ет буындары дамымаған жеткіншектерге ем-дом жасамақ. Жаңа тәсілді меңгерген ақ халаттылар енді жылына 100-ге жуық операция жасауды жоспарлап отыр.

«Ота ағзаны кеспей кішігірім жарақаттаумен жасалады. Бұл операциядан кейін науқастың жүруіне, не көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Жатқан, отырған балалар бар. Соларды жүруіне көмегі тиеді. Ота жасауды меңгеріп, ауруханамыздың дәрігерлерімен ары қарай күнделікті жұмысына енгіземіз деген ойдамыз», – деді Жамбыл облыстық балалар ауруханасының травматолог-дәрігері Демеу Әліпбаев.

Оқи отырыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек: қосымша төлемдер кімдерге берілді

Новости партнеров