Спортшы финалдық жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде 488-орында) Кайсериде (Түркия) өткен ITF турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Шешуші кездесуде Дияс беларусьтық Алена Фалеямен (224-орын) кездесті. Қазақстандық спортшы бірінші сетте 0:6 есебімен ұтылып қалғанымен, артынша 6:4, 6:3 есебімен камбэк жасап, финалдық жеңіске жетті. Осылайша, Зарина Дияс биылғы алғашқы турнирде жеңіске жетті.
Бұған дейін Кайсериде өткен турнирде Дияс румыниялық Патрисия Мария Цигті (256-орын) – 3:6, 6:4, 6:2, неміс қызы Пиа Префкені (рейтингте жоқ) – 7:6, 6:1, түрік Дениз Дилекті (рейтингте жоқ) 6:0, 6:2 және ресейлік Екатерина Маклакованы (485-орын) – 6:1, 6:2 есебімен жеңген болатын.
Оқи отырыңыз: ATP 250 Almaty Open: жұптық сын жеңімпаздары анықталды