Таразда түрмеге тыйым салынған заттарды дронмен тасыған тұрғындар жауапқа тартылды

Биыл түрмеге 900 грамм есірткі, 6 литрге жуық алкаголь өнімін кіргізгісі келгендер анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда түрмеге тыйым салынған заттарды дронмен тасу жиілеп кеткен. Биыл құқық бұзушылар 5 рет әуе арқылы ішке телефон кіргізбек болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әйтсе де түзету мекемесінің сақшылары дрондарды атып түсіріп 11 телефонды тәркілепті. Ұялы байланыс құралымен қоса сим-карталар, тіпті есірткіні де өткізбек болған.

Биыл түрмеге 900 грамм есірткі, 6 литрге жуық алкаголь өнімін кіргізгісі келгендер анықталды. Тәртіп сақшылары соңғы 9 айда абақтыда 140-тан аса телефонды анықтаған. Қазір заңды белден басқан 46 тұрғын әкімшілік, 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 «Қылмыстық кодекстің 296, 97-баптарының талаптарына сәйкес, заңнама талаптарын бұзғаны деректері бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Құқық бұзушылық кодексінің 481-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады», – деді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Ерлан Оразгелдиев.

Оқи отырыңыз: Алаяқтың құрбаны: ақтөбелік тұрғындар 16 миллион теңгеден айырылған

Новости партнеров