Таразда жаңа жыл қарсаңында өртке оранған көпқабатты үйдің шығыны 160 миллион теңгеге жетті

Жалын 900 шаршы метрге жайылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда жаңа жыл қарсаңында өртке оранған көпқабатты үйдің шығыны 160 миллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Залал көлемі одан асуы мүмкін. Ал келтірілген шығын әлі де артады. Себебі жалыннан кей пәтерлерге су өтіп, тұрмыстық техникалар істен шыққан. Қазір бүлінген үйді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қарасу шағынауданындағы 15-үйді Жаңа жыл түні жалын шарпыды. 5-қабаттағы балконнан басталған тілсіз жау, шатырды шарпып 4-қабаттағы пәтерлерге өтіп кеткен. Жалын 900 шаршы метрге жайылды. Отқа оранған пәтердің бірі – Әлихан Жанаевтың баспанасы. Ол сол кезде отбасымен үйде болған.

«Үйде 6 адам отырғанбыз. Мен келіншегім, екі балам екі қарындасым болды. Енді тамақ іше бастағада балконнан өрт шықты. Онда ашық көрпеше мен балалардың киімдері жайылып тұрған. Өрт содан басталды деп ойлаймын. Өртті өшірейін деп балконның есігін ашқан сәтте күшейіп кетті. Бірден өрт сөндіру қызметіне хабарластым», – деді қала тұрғыны Әлихан Жанаев

Абырой болғанда, өрттен ешкім зарап шеккен жоқ. 100 адам, оның ішінде 30 бала лезде эвакувцияланып, әкімдік қонақ үйге орналастырды. Тілсіз жау 54 пәтерді бүлдірді.

«Түсқағаздар ашылып кеткен, ленолеумның асты су. Есіктер сынып кеткен. Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Үйімізді қайта жөндеп жатыр», – деді қала тұрғыны Дархан Атшабар.

Қала билігі нысаналы төтенше жағдай жариялаған. Тұрғын үйді қалпына келтіруге 200 миллион теңге бөлді. Қазір шатыр жабындысын жабу, пәтерлерде сылау-сырлау жұмыстары басталып кетті. Ал қала билігі бүлінген баспананы 2 аптада қалпына келтірмек.

«Шатырдағы демонтаждау жұмыстары аяқталды. Шамамен бір аптаның көлемінде шатыр жабындылары толығымен аяқталады. Он екі пәтерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен 54 пәтердің әрқайсысына жөнделеді. Тұрғвндардың барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда су, электр желіс үйге берілді», – деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков.

Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Себебін арнайы құрылған комиссия қорытындысынан соң белгілі болады. Дегенмен алдын ала мәлімет бойынша пиротехникалық отшашу себеп болуы мүмкін.

Нұрғиса Қаржаубай, Мейіржан Бейсебай, Тараздан

Оқи отырыңыз:Түркістан облысында газ қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Новости партнеров