Таразда жасырын зертхана жойылды

20.06.2025 17:00

Тінту барысында 66 келіден астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор тәркіленді

ҰҚК баспасөз қызметі

Зертханадан 66 келіден аса мефедрон мен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Тараз қаласында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою операциясын жүргізді.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 66 келіден астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", — делінген ведомство хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Израиль мен Ираннан тағы 144 отандасымыз эвакуацияланды