Тасжолды жауып қалған алып жүк көлігі 4 күннен бері шығарылып жатыр

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Жауапты мекеме өкілдері жүргізушілерден жолдағы уақытша шектеулерді ескеруді сұрайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараз - Шымкент автожолында аударылып қалған алып жүк көлігін шығару жұмыстарының жалғасып жатқанына төртінші күн болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 маусымдағы сағат 12:20 жағдай бойынша көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылып жатыр.  

«Төрт күнге созылған жұмыстардың нәтижесінде ірі габаритті жүк жол жиегінен шығарылды. Қазіргі уақытта тралды шығару жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар аяқталғаннан кейін жол жабынының жай-күйі бағаланып, көлік қозғалысын толық қалпына келтіру жұмыстары басталады», - делінген хабарламада.

Жолға жауапты мекеме өкілдері жүргізушілерден сақтық танытып, жолдағы уақытша шектеулерді ескеруді сұрайды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында алып жүк көлігі аударылып, тасжолды жауып қалған

 

Новости партнеров