Трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайын
15 мамыр күні сағат 20:00-де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Премьераға орай челлендж жарияланды. Трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайын.
Шарттары:
Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек.
TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау.
Хэштег: #TauIshindeChallenge.
«Челлендж 2025 жылғы 8 мамыр мен 25 мамыр аралығында өтеді. Жүлде — жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады. Нәтижесі — 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады», — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Дрон-шоу: Алматы аспанында Ұлы Отан соғысы батырларының бейнесі көрсетіледі