Былтырдан бері 29 мың тонна қоқыс жиналып, полигонға жеткізілген
Ақтауда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Науқанға «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұжымы, «Жас Stars» бастауыш партия ұйымы өкілдері мен депутаттар атсалысты. Олар 15-шағынаудандағы теңіз жағалауын қоқыстан тазалауға кірісті.
Айта кетейік, аталған акция аясында былтырдан бері 29 мың тонна қоқыс шығарылыпты. Ал биыл 5 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналып, полигонға жеткізілген.
«Әрине, негізгі мақсат – айналаны тазалау, таза ұстау, табиғатты қорғау. Дегенмен оның түпкі мақсаты – адам бойының, ойының, рухани ішкі тазалығының мәдениетін қалыптастыру. Мұндай тазалық жұмыстары тек науқандық қана емес, бұл біздің өмір салтымызға айналуы керек», - деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі шаһардағы туризмді дамытуға қатысты қорытынды есеп пен жоспарды тыңдады