Таза бейсенбі: Шымкентте экологиялық акция кезінде 75 тонна қоқыс жиналды

25.09.2025 13:47

Тұрғындар қала көшелерін тазалады 

Бүгін Шымкентте “Таза бейсенбі” экологиялық акциясы өтті. Таңғы салқынмен жүзге жуық тұрғын бірлесіп, қала көшелерін күл-қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаштар мен бұтақтар күтіп-бапталып, сарғайған жапырақтар да жиналды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Айта кету керек, игі шараға «AMANAT» партиясы ұйытқы болған. Партияның бастамасымен бүгінге дейін 70-ке жуық осындай іс-шара қолға алынып, 75 тонна қоқыс шығарылған.  

«Былтыр сәуір айында Мемлекет басшысы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын бастаған болатын. Сол бастама аясында “АMANAT” партиясы “Таза бейсенбі” акциясын ұйымдастырып келеді. Біз Шымкент қаласының тұрғындарын тазалыққа шақырып, өзіміз де осындай аумақтарды тазалап жүрміз. Шымкент – жасыл қала. Сондықтан тазалыққа шақырудың нәтижесінде таза қалаға айналамыз деп сенемін», – деді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар аула мен қоғамдық кеңістіктерді жаңартуға атсалысып отыр