Таза Қазақстан: Алматылық түлектер мектеп ауласына ағаш отырғызды

Дәстүрлі көгалдандыру акциясына Жәмилә Серкебаева мен Толқын Забирова қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық оқушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасына үлес қосып жатыр. Бүгін қаладағы мектептердің бірінде дәстүрлі көгалдандыру акциясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Мектеп бітіруші 18 түлек білім ордасының ауласына ағаш егіп, өздерінен кейінгі шәкірттерге «жасыл із» қалдырды. Оқушылардың бастамасымен ұйымдастырылған экологиялық шараға белгілі өнер жұлдыздары Жәмилә Серкебаева мен Толқын Забирова арнайы келіп, жастармен бірге көшет отырғызды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өнер адамдарының мұндай игі дәстүр атсалысуы жас буынның бойында экологиялық мәдениет пен табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастырады.

«Жалпы біздің мектеп осындай қайырымдылық және экологиялық іс-шаралармен айналысуды жақсы көреді. Өйткені бұл тек оқу, академиялық қызметті ғана емес, сонымен қатар оқушылардың ішкі жан дүниесін де ынталандырады», – деді 11-сынып оқушысы оқушысы Камилла Сарсенбаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда көлік жуатын орындарға қойылатын талап күшейтілді

Новости партнеров