Таза Қазақстан: Алматының Алма-Арасан шатқалы қоқыстан тазартылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Сенбілікте 300-ге жуық белсенді қоқыс жинады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алма-Арасан шатқалында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық бастамасы қолға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қатысушылар демалыс орындары мен жаяу жүргінші жолдарының бойында жиналған тұрмыстық қалдықтарды жинады. Еріктілер пластик бөтелкелерді, қағаз, шыны және басқа да қоқыс түрлерін сұрыптап, арнайы орындарға шығарды. Нәтижесінде шатқал аумағы қалдықтан тазартылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялардың негізгі мақсаты – жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоғамның экологиялық мәселелерге назарын аударту.

Іс-шараны «AMANAT» партиясы мен оның «Жастар рухы» жастар қанаты Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен және Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

«Бүгінгі акцияға 300-ге жуық ерікті, экобелсенді, партияластар қатысып жатыр. Ааумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, қоғамға маңызды үндеу жасағымыз келеді. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың өмір салтына айналуы тиіс», – деді  «Amanat» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Төлепов.

«Демалыс орнында қоқыстар шашылып жатыр ғой, соларды жинаймыз. «Жасыл ел» жасақтарымен бірге жүргендіктен экология – өте маңызды. Сондықтын сенбіліктердің болып тұруы қажет деп ойлаймыз», – деді экобелсенді Назерке Дәрібай.

Оқи отырыңыз: Көлсайда дәстүрлі «Парктер шеруі» халықаралық экологиялық акциясы өтті

Новости партнеров