Таза Қазақстан: Алмалы ауданында 400-ден астам адам сенбілікке қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алмалы ауданында 400-ден астам адам сенбілікке шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Төле би, Тұрғыт Озал, Райымбек, Розыбақиев және Назарбаев, Қарасай батыр, Розыбақиев, Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы қос аумақты қамтыды. Игі бастамаға мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер мен белсенді азаматтар қатысып, көше мен аулаларды қоқыстан тазартты.

 «Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» бастамасын әрдайым қолдайды. Әсіресе, сенбі күндері балалары мен немерелерін ертіп келетіндер көп. Бұл – келешек ұрпаққа үлгі. Қалаңның көрікті болғанын қаласаң, тазалықты өз аулаңнан бастап, қолға алу керек деп ойлаймын», – деді Алмалы ауданының әкімі Арман Шәмшин.

Экологиялық науқан қаланың барлық ауданында өтті. Оған жалпы саны 2 мыңнан аса адам қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – тек қоқыс жинау емес, табиғатты аялап, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр сенбі сайын ауданымызда сенбілік өткізіліп тұрады. Сол сенбілікке орталықтан кемінде 50-ге жуық, кейде 500  жас өз еркімен келіп қатысады. Одан бөлек «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әртүрлі мастер класс, семинар, тренинг,  фестиваль өтеді және күн сайын, аптасына бір рет Сайранға барып, мониторинг жасап, жүргізіп тұрамыз», – деді Алмалы ауданы комьюнити орталығының үйлестірушісі Толғанай Данабекова.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Азат Перуашевтың қатысуымен экологиялық сенбілік өтті

Новости партнеров