Таза Қазақстан: Алматы облысында мың тонна қоқыс шығарылды

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылғы 5 сәуірде Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шара өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталды.

Сенбілікке барлығы 31 907 адам, сондай-ақ 3 835 кәсіпорын мен ұйым белсене қатысты. Қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1 055 тонна қоқыс шығарылып, 330 арнайы техника жұмылдырылды.

Осы күні өңір аумағында 8 799 түп ағаш отырғызылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Сонымен қатар, 14 538 көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, 101 тарихи-мәдени ескерткіштер мен 316 әлеуметтік нысандардың аумағы ретке келтірілді.

Сенбілік барысында өңірдегі 30 өзен, көл және су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылып, табиғи аумақтардың тазалығын сақтау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

Бұл шара — тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырумен қатар, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тауып, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға өз үлесін қоса бермек.

Оқи отырыңыз: Көше сыпырушы келіншек кездейсоқ видеоның арқасында ең сұлу модельге айналды 

Новости партнеров