Таза Қазақстан: Азат Перуашевтың қатысуымен экологиялық сенбілік өтті

04.08.2025 15:46

Игі бастамаға 200-ге жуық азамат қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды

Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Мәжіліс депутаты, саяси ұйым төрағасы Азат Перуашевтың қатысуымен экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында өткен іс-шара Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің маңайында ұйымдастырылып, оған қала тұрғындары, еріктілер мен белсенділер атсалысты. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ақпараттық парақшалар таратты. Игі бастамаға 200-ге жуық азамат қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сана қалыптастыруға ықпал етеді.

«Мен үшін тазалық сақтау – бұл өте маңызды іс. Сол себепті айналаны таза ұстау дегенді тек қоқыс жинап, табиғатты ластамау немесе өз аулаңда тәртіп сақтау деп түсінбеу керек. Бұл  ең алдымен, адал болу, әділетті жолды ұстану. Біздің таза, әдемі ортада өмір сүргіміз келсе, онда сол ортаны күтіп-ұстауымыз қажет», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

«Алматы – жастар қаласы. Тазалық бар жерде тәртіп бар, тәртіп бар жерде білім бар. Сондықтан да барлық Алматы тұрғындарын, жастарды тазалықты ұстауға шақырамыз», – деді  «Ақ жол» партиясы Жастар кеңесінің төрағасы Ханза Насурлаев.

Оқи отырыңыз: Алакөл жағалауындағы ретсіз сауда жойылмақ