Алакөл жағалауындағы ретсіз сауда жойылмақ

Семей облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Семей облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, жағалауда 22 қызметкер мен 11 арнайы техника кезекшілік етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семей облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жазғы маусымға демалыс орындарының дайындығына және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру барысына қатысты берген тапсырмалардың орындалуы, интернетке қолжетімділікті жақсарту мәселелері қаралды. 

Алакөл жағалауының инфрақұрылымын нығайту, санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Демалыс аймағында 70 қоқыс жәшігі мен 50 контейнер орнатылып, қоқыс жинаушылар саны 35 адамға көбейтілді. Жаңа екі техника сатып алынды. Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтар полигонының жобалық-сметалық құжаттамасы сараптамадан өтіп жатыр. Жағалауға қосымша 7 құтқару мұнарасы, 6 пирс, 30 шешінетін кабиналар мен тыйым салатын белгілер қойылды. 8 жаңа дәретхана орнатылып, олардың жалпы саны 16-ға жетті. Жағалауды нығайту жобасының сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Кәсіпкерлердің көлеңкелі табысын азайту және салықтық түсімді арттыру бағытында жұмыс күшейтілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күн сайын 5 су көлігі мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, жағалауда 22 қызметкер мен 11 арнайы техника кезекшілік етеді. Көл жағалауында құтқару станциясының құрылысы басталды. Қабанбай ауылында өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жиын соңында аймақ басшысы Алакөлдің инфрақұрылымын жақсартуға, өңірдегі демалыс орындарын абаттандыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, Алакөл жағалауындағы ретсіз сауданы жою, заңсыз жағажайларды балансқа алып, инфрақұрылым тарту, санитарлық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су полициясын құру және банкоматтарды орнату бойынша салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті басқарма, департамент басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Облыстағы барлық туристік сала субъектілерінің салық төлемдерінің ашықтығы мен толықтығына бақылау жүргізуді, аудан-қала әкімдеріне «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында 18 шақырымнан астам жол жаңартылды

Новости партнеров