Іс-шара аясында жолдар мен тротуарлар жуылып, жол жиегіндегі арам шөптер шабылды
Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Кезекті науқан Бостандық ауданында өтіп, аймақтың 9 учаскесін қамтыды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара аясында жолдар мен тротуарлар жуылып, жол жиегіндегі арам шөптер шабылды. Нәтижесінде шамамен 140 шаршы метр қоқыс шығарылды. Сенбілікке 1400-ге жуық студент пен ерікті қатысты.
«Біз курсанттар ретінде қаламызды таза ұстап, көмектескіміз келеді. Сол себепті ішкі құрам осындай іс-шаралар болса, қатысуға дайын», – деді М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанты Елнұр Бердіхан
«Бүгінгі сенбілік аясында 1000-мыңға жуық аудан тұрғыны, студент, белсенділер, сонымен қатар мердігер компания өкілдері жиналып, тазалық жұмыстарын басталғалы отырмыз. Қала басшылығы тапсырмасына сәйкес, алғашқы қар түскенге дейін сенбілік жұмыстарын әр апта сайын дәстүрлі жалғастыратын боламыз», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Аралбаев.
Оқи отырыңыз: Бірнеше жұмысты қатар алып жүруге тыйым салынуы мүмкін бе