Мамандар қысқы маусымға дайындықты пысықтады
Алматыда тұрғын үй кешендерінің алды тазартылып жатыр. "Таза Қазақстан" экологиялық науқаны аясындағы тазалық шаруасы Наурызбай ауданында да жалғасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ауданда аулалар мен арық желілерінен қалдықтар шығарылып, коммуналдық қызметкерлер жер асты өткелдерін жуып-шайды. Сондай-ақ қысқы маусымға дайындықты пысықтаған мамандар "әрбір адам экологиялық мәдениетті сақтап, қоршаған ортаны аялауы қажет" дегенді алға тартты.
"Қысқа дайындық жұмытары жасалып жатыр. Жауаптылар 2 күннен бері арықтарды жаздан қалған қураған шөптерден тазартуда", – деді тұрғын үй кешенінің ПИК төрағасы Венера Поласова.
"Біздің ауданда 3 жер асты жүргіншілер өткелі бар. Орталық өткелде тұрмыз. "Таза Қазақстан" науқаны аясында маңайды толық тазартып жатырмыз", – деді Наурызбай аудандық көріктендіру бөлімінің басшысы Оңалбек Қыдырбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда аула сыпырушыларға суперқаһармандар көмектесті