Алматыда «Жасыл аула» акциясы аясында тұрғындарға көшеттерді тарату аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған науқанға 305 азамат өтінім берді. Оның 133-і мақұлданып, 1156 көшет таратылған. Әсіресе Әуезов, Бостандық және Алатау аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Тұрғындардың айтуынша, мұндай бастамалардың маңызы зор.
"Таңнан бері бізге келіп жатқан тұрғындар легі өте көп. Алма ағаштарын, түрлі көшет таратып жатырмыз. Өтінім бойынша бір тұрғынға 1,2 көшет берілді", – деді Алмалы ауданы комьюнити орталығының қызметкері Әсем Русланқызы.
Сондай-ақ Алматыда бүгін «Жарқын күз» эконауқаны бастау алды. Игі іс-шараға атсалысып жатқандар алдымен Баум тоғайын ретке келтірді. Науқанға «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының қызметкерлері, Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары, жергілікті тұрғындар мен қаланың эко-белсенділері қатысты. Мақсат – халық арасында экологиялық мәдениетті насихаттау.
"Орман шаруашылығы мамандарының төл мерекесіне орай және "Таза Қазақстан" акциясын қолдау жұмыстары атқарылып жатыр. Алматы қаласының белсенділерімен және экология басқармасымен бірге "Медеу" паркінің ұйымдастыруымен "Баум" тоғайында іс-шара өтіп жатыр, 300- ден астам адам қатысуда. Студенттер, оқушылар және Алматы қаласының белсенділері атсалысуда", – деді "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бөлім Басшысы Қуандық Бектасұлы.
"Биыл Алматыда қала әкімдігімен бірлесе отырып 30-дан аса экологиялық акцияны өтті. Ағаш отырғызу, айналаны тазарту акцияларымен қатар, экологиялық мониторниг жүргізілді", – деді «Жасыл ел» жастар жасағының басшысы Әділ Нұрпейісов.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Баум тоғайы келесі жылы абаттандырылады