Тегін электронды кітап: прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрін атады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ведомстводан хабарлағандай, шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.

«Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске ұқсатып жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.

Файлды орнату парольдер мен ақшаларды ұрлауту, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту сияқты өте ауыр салдарға әкеледі», - делінген прокуратура хабарламасында.

Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалып отыр.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу жұмысы тоқтатылды

Новости партнеров