Референдумға дейін:
2
күн
5
сағат
12
минут

Теміртауда 185 млн теңгенің криптовалютасын заңсыз өндірген тұрғын сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тергеу жұмыстарын ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.  

Тергеу жұмыстарын ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.

"Э.Г. Толовов 2021 жылғы тамыздан бастап тиісті лицензиясыз жасырын криптоферма ұйымдастырған. Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясынан 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, оны өз өндірістік базасына орналастырған", - деп атап өтті ҚМА өкілдері.

Белгілі болғандай, Э.Г. Толовов өндірген цифрлық активтерін криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін оларды майнинг пулдары арқылы сатқан.

Сауда P2P-аударымдар арқылы, USDT-ны теңгеге айырбастау арқылы жүзеге асқан.

"Жалпы өндірілген активтердің көлемі 11,2 BTC және 90,2 LTC құрайды, бұл шамамен 185 миллион теңгеге тең", - делінген агенттік хабарламасында.

Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру және барлық майнинг жабдығын конфискациялау түрінде жазалау тағайындалды.

Сонымен қатар мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңге қайтарылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Новости партнеров