Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

17.05.2025 17:16

Теннисшінің финалдағы қарсыласы жапониялық Аяно Шимицу болмақ

Аlmaty.tv

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Зарина Диас қытайлық Мэйлин Ванмен кездесті. Ойын 2 сағат 16 минутқа созылды.

"Нәтижесінде қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті", - делінген хабарламада.

Заринаның финалдағы қарсыласы жапониялық Аяно Шимицу болмақ.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Спартакиада-2025 ойындары қашан басталады