Кеште әлемдік классикалық музыканың таңдаулы туындылары орындалды
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 91-ші концерт маусымын «The Magic of Chamber» музыкалық кешімен ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ермановтың жетекшілігімен Мемлекеттік ағаш үрмелі аспаптар квинтеті өнер көрсетті.
Кеште әлемдік классикалық музыканың таңдаулы туындылары орындалды. Бағдарламаға Антонин Дворжактың квинтеті, Макс Брухтың кларнет, альт және фортепианоға арналған триосы, сондай-ақ Зекиня Абреудің «Тико-тико» шығармасы енді.
Жаңа маусымда филармония көрерменге түрлі жанрдағы концерттік бағдарламаны ұсынады. Оның ішінде классикалық музыка тарихындағы ең ауқымды шығармалардың қатарындағы Густав Малердің №2 «Қайта тірілу» симфониясы бар.
Оқи отырыңыз: Жетіасар жазирасындағы қазба жұмыстары: Қара асар қалашығының тарихы туралы жаңа деректер анықталды