Ол аудандық ауруханаға анасының қайтыс болғаны туралы анықтама тапсырған
Тірі адамды «өлілер» қатарына қосқан. Қостанайда деректер базасындағы техникалық қателік салдарынан жергілікті тұрғын тоғыз күн бойы қайтыс болғандар тізімінде тұрған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Белгілі болғандай, Владимир Шремф Әулиекөл аудандық ауруханасына анасының қайтыс болғаны туралы анықтаманы тапсырғанымен, құжатты қабылдаған қызметкер жаңылысып, жүйеге өтініш берушінің деректерін енгізіп жіберген. Бұл жағдай азаматтың жұмыс істеуіне, көлік жүргізуіне және ресми құжаттарды пайдалануына кедергі келтірген. Тек АХАТ бөліміне шағым түсіргеннен кейін ғана ол өзінің тірі екенін дәлелдеп, құқықтық мәртебесін қайта қалпына келтірген.
«Көші-қон полициясына келдім, сол жерде маған күтпеген жауап қайтарды. Мен ресми деректер базасында қайтыс болған адамдардың тізімінде тұр екенмін. Кейін белгілі болғандай, емхана қызметкері қателік жіберіпті», – деді қала тұрғыны Владимир Шремф.¤
«Аталған қателік анықталған сәттен бастап, біз оны мүмкіндігінше жедел түзету үшін барлық қажетті шараларды жасадық. Дұрыс мәліметтер негізінде Өлім туралы куәлік қайта рәсімделді. Қазір барлық кемшіліктер түзетілді», – деді Әулиекөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Темірхан Бегісбаев.
Оқи отырыңыз: СҚО-да 38 жастағы келіншектің қолын жылқы шайнап тастады