Тіс емдеуге барып, көз жұмды: анестезиолог тағылған айыппен келіспейді

Almaty.tv
Almaty.tv

Сарапшылар баланың қан талдауы нашар болғанын, инфекция белгілері байқалғандықтан наркоз жасауға болмайтынын жеткізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Стоматологияда көз жұмған 3 жастағы қыздың өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін айыпталушы анестезиолог Аида Жұмағалиевадан жауап алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол өз сөзінде тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Сарапшылар баланың қан талдауы нашар болғанын, инфекция белгілері байқалғандықтан наркоз жасауға болмайтынын жеткізген.

Ал анестезиолог қыз келгенде жағдайы жақсы көрінгенін, жөтел болмағанын мәлімдеді. Айыпталушының айтуынша, жағдай ем аяқталып, қыз ояна бастаған кезде күрт өзгерген. Мониторда жүрек ырғағы бұзылып, пульс күрт секіре бастаған. Дәрігер жүрек жұмысы әлсірегенін байқап, дереу жанама жүрек массажын жасаған. Тіпті электрокардиограмма көрсеткіші бір сәтте 190-ға, кейін 300-ге дейін жетіп, қайта төмендепті.

Сондай-ақ анестезиолог марқұм қыз бұған дейін асқынған қызылшамен ауырғанын, жүрегі қалыптан кіші болғанын айтып, бұл жағдайдың кенеттен қайғылы аяқталуына себеп болғанын алға тартты.

Оқи отырыңыз: Алматыда кезекті көлік жуу нысаны бұзылып жатыр

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров