Тіс емдеуге барып, көз жұмды: Астанада 3 жастағы қыздың өліміне қатысты клиника жұмысын тоқтатпаған

Стоматолог жауапқа тартылмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада тісін емдетуге барып, көз жұмған 3 жастағы қыздың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәбірленуші тарап анестезиядан кейін оянбай қалған бүлдіршіннің қазасына стоматолог пен клиника басшысының да жауап беруін талап етті. Отбасының адвокаты Руслан Айтжанов ем кезінде медициналық стандарттар сақталмаған деп отыр. Стоматолог 3 жастағы қыздың 18 тісін бірден емдеуге тырыспағанда, бала аман қалуы мүмкін еді. Оның айтуынша, сапаны бақылау департаменті мен кешенді сот сараптамасы анестезиолог пен тіс дәрігерінің кінәсін көрсеткенімен, құзырлы орган тек анестезиологті тергеген. Ал стоматолог жауапқа тартылмаған. Қазір ол клиникада жұмысын жалғастырып жатыр.

«Астана қаласының прокуратурасынан стоматолог пен клиника басшылығына қосымша кінә тағайындау шарасын қабылдауды талап етеміз. Бұл мекеме біраз уақытқа ғана жабылған. Бірақ қазір жұмыс істеп жатыр.  Мен өзім барып, бұған көз жеткіздім», – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Руслан Айтжанов.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жоғалып кеткен әйелдің киімдері Ертіс жағасынан табылды

Новости партнеров