Тоқаев: Баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысының сөзінше, жұртшылықпен ақылдаса отырып әзірленген жаңа Халық Конституциясы ұлттық рухымыздың қуаты мен ауызбіршілігімізді, толеранттылығымызды паш етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда қабылданған жаңа Конституция еліміздің жасампаз әлеуетінің айқын көрінісіне айналғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының сөзінше, жұртшылықпен ақылдаса отырып әзірленген жаңа Халық Конституциясы ұлттық рухымыздың қуаты мен ауызбіршілігімізді, толеранттылығымызды паш етеді.

"Заң мен тәртіп үстемдік ететін, білім, ғылым, мәдениет, технология, табиғатты аялау және спорт құндылықтары дәріптелетін қоғамда өмір сүруге деген ортақ ниетімізді көрсетеді. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз бен мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, еңбекқорлық, жауапкершілік, патриотизм, сондай-ақ адами капиталды жан-жақты дамыту сияқты маңызды қағидаттар Ата заңымызға арқау болды. Сондықтан халқымыз конституциялық реформаны біртұтас қоғам болып жаппай қолдады, әр азаматымыз еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берді. Себебі мән-мазмұны жаңарған Конституция әр адамның дамуына жағдай жасайды. Ата заңда адам капиталын, яғни, білім, ғылым саласын және инновацияны дамыту елдің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды. Ұлт саулығын сақтауға баса мән берілді. Конституциямыздың басты мақсаты - еліміздің Тәуелсіздігін, Егемендігін және жерінің тұтастығын қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Енді алдымызда тұрған өзекті мәселе - Конституциямыздың негізгі қағидаттарын елімізде және шетелде кеңінен түсіндіру және дәріптеу. Қазақстан параспортшылары өздерінің тамаша жетістігімен, жарқын жеңісімен мемлекетіміздің мызғымас құндылықтарын нығайтуға мол үлес қосып жүр деп айтсақ артық болмас", - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Президент ХІV Қысқы паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Новости партнеров