Төлеби ауданында зейнеткерді тонаған күдіктілер қолға түсті

Жаға ұстатарлық жағдай өткен сенбіде Леңгір қаласында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында 65 жастағы зейнеткерді қан-жоса етіп сабап, үйін тонап кеткендер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктілерді полиция бес күн бойы іздеген. Ақыры екі азамат қолға түсіп, қамауға алынды.

Еске салсақ, жаға ұстатарлық жағдай өткен сенбіде Леңгір қаласында болған. Бетперде киген адамдар жер үйге баса көктеп кіріп, әйелді аяусыз соққыға жыққан. Қаскөйлер жәбірленушінің ақшасы мен телефонын алып кеткен. Ал қатты соққыдан бет-аузы көгеріп, жарақат алған зейнеткер ауруханада ем қабылдап жатыр. Құзырлы органдар бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілердің екеуі де –Төлеби ауданының тұрғындары. Тергеп-тексерудің барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», –деді Полиция департаменті Төлеби аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азат Мұсырманқұлов.

Оқи отырыңыз: Әйелдер пәтерін жөндеу үшін несиені қайдан ала алады