Төрт тәулік ішінде Алматыдан 45 мың текше метр қар шығарылды

Пресс-служба акима города Алматы
Пресс-служба акима города Алматы

Қар күреу жұмыстарына 603 арнайы техника мен 1034 жұмысшы жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда бүгін таңғы сағат 8:00-ден бастап жауа бастаған қар болжам бойынша кешкі 21:00-ге дейін жалғасады. Қар күреу жұмыстарына 603 арнайы техника мен 1 034 жұмысшы жұмылдырылды.

Қалада 130 құмшашқыш, оның ішінде «Эпока», «Джетбрум» және т.б. кезекшілік етуде. Әсіресе, әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан таулы аймақтарға ерекше назар аударылып, 28 құмшашқыш жолды мұзға қарсы материалдармен өңдеп жүр. 

Шағын көлемді 70 техника тротуар, қоғамдық көлік аялдамасы және автотұрақ аймағын тазалауға кіріскен.  

15-16 желтоқсанда Алматыда қар жауғаннан кейін түнгі уақытта магистральды көшелерден қарды жаппай шығару аяқталды. 4 тәулікте 45 500 м³ қар шығарылды, жоспарланған көлем толық орындалды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгінгі жаңа қардың қалыңдығы 9 мм-ге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы шамамен 0°C, түнде -9…-11°C дейін төмендейді. 21 желтоқсанда жауын-шашынсыз, күндізгі температура -5…-7°C болады.

Қаланың коммуналдық қызметі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қала тұрғындарына сақ болып, жолда мұқият болуға шақырады. 

Сондай-ақ, қар жауып біткенше «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына баруды уақытша қоя тұру керек. Бұл жол қозғалысына қосымша жүктеме түсіріп, жолдарды қар шығару жұмыстарын қиындатады.

Оқи отырыңыз: Алматыда бас шырша шамы жағылады: Роза Рымбаева және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

Новости партнеров