Екі елдің Төтенше жағдайлар министрлерінің қатысуымен Орталық кеңестің 18-ші отырысы өтті
Алматы қаласында Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі Орталық Кеңестің он сегізінші отырысы өтті. Еліміз төрағалық еткен маңызды жиынға Қазақстан мен Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлері қатысып, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство басшысы бұл орталықтың екі ел арасындағы маңызды рөлін атап өтті:
«Біздің орталық өз жұмысын жақсы деңгейде атқарып жатыр. Екі елдің ынтымақтастығы осы төтенше жағдайлар саласы бойынша біздің елдердің азаматтық қорғау саласында нақты көпір іспеттес. Бүгін көптеген мәселелерді, соның ішінде орталыққа қатысушы мемлекеттер санын көбейту жайын талқыладық», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
Жиын қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған тиісті шешімге қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы тәжірибе алмасу мен ортақ шешімдер қабылдаудың құқықтық негізін нығайта түспек.
«Жеке құрамға барлық жағдай жасалған. Бөлімде байланыс пункті, жұмыс кабинеттері, ас үй, жатын және демалыс бөлмелері бар. Барлығы заманауи үлгіде жабдықталған. Сондай-ақ, аумақта 11 отбасына арналған модульдік ғимарат бой көтерді. Қазір онда қызметкерлер тұрып жатыр», – деп баяндады №22 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Төлеген Әлжанов.
Бұл нысан тек техникалық тұрғыдан жабдықталып қана қоймай, құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірегей жоба болып табылады.
Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер – балалар игілігіне: Шымкентте заманауи жатақхана ашылды