Жасөспірім қыз 13-қабаттан құлап көз жұмды

21.09.2024 15:51

Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте таңертең болған 

elements.envato.com

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жасөспірім қыз 13-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, қайғылы оқиғаның 21 қыркүйекте таңертең болғанын нақтылады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның себебі мен мән-жайлары анықталып жатыр.

«Сонымен қатар әлеуметтік желі мен месенджерлерде қайтыс болған қыздың интернетте қауіпті ойын ойнағаны, артына хат жазып қалдырғаны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», - деп атап өтті полициядан.

Құқық қорғау органдары заңда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын және қазақстандықтарды тек ресми көзден алынған ақпаратқа сенуге шақырады.

Еске салсақ, 16 қыркүйекте Алматы қаласының Алмалы ауданында екі жасөспірім қыз биік үйдің төбесінен құлап, қаза тапқан болатын. 

Оқи отырыңыз: Алматыда стоматологиялық емханадан 13 мың вейп тәркіленді