Алматыда жер сілкінді

05.11.2024 10:17

Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 112 kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркеген.

"Жер сілкінісінің координаттары: 43.261 с.е; 77.310 ш.балл. Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы 3 балл.
  • Талғар 4 балл.
  • Есік 4 балл.
  • Түрген 3.0 балл.
  • Өтеген-Батыр ауылы 3 балл.
  • Боралдай 2 балл.
  • Маловодное 2 балл.
  • Ж. Қайыпов 2 балл.
  • Алатау (Жетіген) 2 балл.
  • Қарасай (Қаскелең) 2 балл.

Оқи отырыңыз: Қараша айында ауа райы қандай болады