Тропикалық Шымкент: Оңтүстікте экзотикалық бақ пайда болды

30.06.2026 16:44

Бұл ерекше жобаны жергілікті кәсіпкерлер қолға алған

Шымқалада банан ағаштары өсіп, қала келбетіне тропикалық реңк қосылды. Бұл ерекше жобаны жергілікті кәсіпкерлер қолға алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Олар «Шымкенттің жылы климаты экзотикалық өсімдіктердің жерсінуіне қолайлы» дейді. Дегенмен қыста көшеттерді аяздан қорғау үшін арнайы күтім жасау қажет. Кәсіпкерлердің сөзінше, ағаштардың жеміс беруі де ғажап емес. Алайда климаттық ерекшеліктерге байланысты өнімнің толық пісіп-жетілуі екіталай. Соған қарамастан экзотикалық бақ тұрғындар мен қала қонақтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналған. Келушілер арнайы келіп, суретке түседі. 

«Бұл аумақта ауқымды жұмыс атқарылды. Үш ай бойы абаттандыру жұмыстарын жүргіздік. Осындай әсем әрі эстетикалық көрініс қалыптастыру үшін біраз уақыт пен күш жұмсалды. Басты мақсатымыз – тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше атмосфера сыйлау», – деді жеке кәсіпкер Олжас Дүйсембеков.   

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Балаларды қолдау орталығының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады