Туған анасын пышақтап өлтірген тараздық тұрғын 13 жылға сотталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындап, өлтіру ниетінсіз, бәрінің кездейсоқ болғанын айтқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Туған анасын пышақтап өлтірген тараздық тұрғын 13 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Адам айтса, нанғысыз жайт қыркүйекте шаһар орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Кейіннен белгісі болғандай, ішімдікке сылқия тойған 36 жастағы тұрғын анасымен жанжалдасып қалған. Одан соң өз-өзін ұстай алмай, ас пышағын кейуананың кеуде тұсына ұрған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше, шыдамай жан тапсырған. Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындап, өлтіру ниетінсіз, бәрінің кездейсоқ болғанын айтқан. Жазамен келіспей, бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды сұрады. Бірақ үкім өзгеріссіз қалды.

Оқи отырыңыз: Білім бөліміндегі былық: Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ақша жымқырған

Новости партнеров