Тұмау вирусы: Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Астана мен Алматыда инфекция өршіп, ауруханаларда бос орын жоқ». Ғаламторда осындай ақпар тарап жатыр. Желі қолданушыларының сөзінше, балалармен қатар ересектердің де дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалады. Бұл қандай вирус? Алматыдағы ахуал қалай? Аурудың алдын-алу үшін не істеу керек?

Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Каткенова жауап береді.

– Гаухар Сұлтанқызы! Әлеуметтік желіде жұрт сөз етіп жатқан вирус жайлы не айтасыз? Бұл ақпарат  қаншалықты рас? Қаладағы ахуал қалай?

«Алматы қаласы Санитарлық-эпидемологиялық департаменті жедел респираторлық инфекциялардың аурушаңдығына мониторинг жүргізеді. Мониторингтің нәтижелеріне сәйкес, аурушаңдық бірқалыпты, эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Зертханалық зерттеулер мен тұмау вирусының штаммдары анықталған жоқ. Бірақ риновирус, парагрипп және маусымдық коронавирустық вирустар айналымда бар. Егер осы 2025 жылдың 43 аптасына келетін болсақ, аурушаңдық бойынша 15 мыңға жуық аурушаңдық тіркелді. Оның ішінде барлық жас тобындағы адамдар бар, ең басым бөлігін балалар құрайды»

– Үй жағдайында да аурудың алдын алуға бола ма? Екпе алу қажет шығар?

«Тұмаудың басты спецификалық алдын алу шарасының бірі – вакцинация. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен 250-ге жуық вакцина алынған. Ол тәуекел тобына жататын адамдарға жүргізіледі. Вакцинаның аты – Гриппол. Ол – үш валентті Россияның өндірісінен шығарылған вакцина. Өте тиімді және оның әсері жақсы. Өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мониторингіне қатысты әрбір эпидемологиялық сезон кезінде қандай тұмаудың штаммдары болады, соған қарастырылып, бұл вакцинаның құрамы бекітілген».

Оқи отырыңыз: Жарамсыз балабақша: Жамбыл облысында 140 бала басқа мекемеге қатынауға мәжбүр

Новости партнеров