Республиканы қамтитын байқауға қатысуға мыңнан астам азамат өтінім білдірген
«Turaqty jol» экологиялық акциясы өз мәресіне жетті. Ұлттық әлеуметтік науқан биыл алтыншы рет ұйымдастырылған. Оның шеңберінде жастар команда болып бірлесіп, еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жобаларын ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Республиканы қамтитын байқауға қатысуға мыңнан астам азамат өтінім білдірген. Оның 70-сі суырылып шығып, ақтық мәреге жетіпті. Ал бүгін Алматыда ұйымдастырылған финалдық кезеңде 9 жас жеңімпаз атанды. Оларға дипломдар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді.
«Жалпы мұндай жобалардың маңызы зор. Себебі тек Қазақстанда емес, әлем бойынша экологиялық проблемалар адамзаттың мәселесі болып тұр. Мәселелерді шешуге барынша күшімізді жұмсауымыз керек деп санаймын», – деді қатысушы Абзал Серік (Астана).
«Жобаның басты бағыттарының бірі – жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жыл сайын ауқымы да кеңейіп келеді. Биыл жеңімпаздарды да 3 номинация бойынша анықтадық. Жалпы байқау бірнеше кезеңнен тұрды», – деді Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов.
Оқи отырыңыз: Бірлік пен келісім жолындағы үш онжылдық: басқосуда жастар қандай ұсыныс айтты