Жиынға ҚХА мүшелері мен қалалық мәслихат депутаттары және Ұлттық ұланның оқытушылары мен курсанттары қатысты
Ел бірлігі, қоғамдық келісім, тәртіп пен патриоттық тәрбие. Алматыда Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылына орай осы тақырыптарды арқау еткен жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған Ассамблея мүшелері мен қалалық мәслихаттың «Ынтымақ» депутаттық тобы және Ұлттық ұланның оқытушылары мен курсанттары қатысты. «Бірлік пен келісім жолындағы үш онжылдық» атауымен өткен басқосуда жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
«Бүгінгі іс-шара мақсаты – заңға, тәртіпке бойсұну. Жастармен кездесіп, қандай проблемалары барын біліп, тыңдау. Бауыржан атамыз «Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас» демекші, елдегі жастарға тәрбиелеу», – деді Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Долқунтай Әлиев.
Оқи отырыңыз: Астанада вейптерді әлеуметтік желі арқылы сатқандарға іздеу жарияланды