Turgyndar Amanaty: Алматы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты жоба іске қосылды

Мәслихат депутаттары, сарапшылар мен халық қатысқан жиында өзекті мәселелер талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы халқы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелерін жедел әрі сапалы шешуге мүмкіндік алады. Қалада Turgyndar Amanaty жобасы іске қосылып, оның аясында алғашқы форум-семинар өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Мәслихат депутаттары, сарапшылар мен халық қатысқан жиында өзекті мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру және басқарушы компаниялардың жұмысын тиімді ету жайы көтерілді. Сонымен қатар кешендердің ауласын күтіп-ұстау, күрделі жөндеу, коммуналдық инфрақұрылымдағы жүйелі проблемалар талқыланды. Форум аясында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел қабылдауға бағытталған жаңа бастамалар да таныстырылды.

Атап айтқанда, Turgyndar Amanaty партиялық жобасының Алматы қаласындағы фронт-кеңсесінің ресми ашылуы өтті.

 «Үлкен ауқымды жобаны іске қосып жатырмыз. Жоба аясында сала өкілдерін оқыту жұмыстарын жүргіземіз, мәслихат депутаттарынның есеп беріп, «Таза Қазақстан», «Халық қатысатын бюджет» бағдарламаларының шарттарын түсіндіреміз және жобаларды әзірлеуге әдістемелік көмек көрсетеміз. Сонымен қатар байқаулар жүзеге асырамыз», – деді «Amanat» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Сәбен Тынышқали.

Оқи отырыңыз: Жас ұрпақ - жарқын болашақ: Алматыда оқушылар аллеясы ашылды

Новости партнеров