Туристік салаға тартылған инвестиция көлемі 923 млрд теңгеге жетті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Салалық мониторингке 14 экономикалық қызмет түрі кіреді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласы тұрақты дамып, инвестициялық белсенділіктің артқаны байқалды. Жеке секторларда және бірқатар өңірде инвестицияның өсуі бизнес тарапынан туристік жобалар мен инфрақұрылымға қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, қазан айының қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға бағытталған инвестиция 923 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,1%-ға өсті.

Салалық мониторингке 14 экономикалық қызмет түрі кіреді, олар: орналастыру, тамақтану, өнер, ойын-сауық, демалыс, көлік қызметтері, мәдениет нысандары, спорт инфрақұрылымы, жалға беру қызметтері және туроператорлық қызмет.

«Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Атырау (118,4%) және Қызылорда облыстарында (88%), сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында (60,2% және 60,6%) байқалды. Түркістан, Ұлытау және Абай облыстарында да оң динамика сақталып отыр», - делінген хабарламада.

Жалпы деректер туризм инфрақұрылымын дамытуға және саланың әлеуетін арттыруға деген қызығушылықтың жалғасып отырғанын көрсетеді. Негізгі бағыттардағы инвестицияның өсуі туризм саласының оң тенденцияларын бекітіп, оның әрі қарай дамуына негіз болады.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталды

Новости партнеров