Биыл даңқты би, жырау, шешеннің 350 жылдық мерейтойы Республика көлемінде тойланып жатыр
Биыл даңқты би, жырау, шешен Мөңке Тілеуұлының 350 жылдық мерейтойы Республика көлемінде тойланып жатыр. Ал Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Түркі халқының Нострадамусы» атты ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға әдебиетті зерттеуші ғалымдар, академиктер қатысты. Ақын Бауыржан Жақып жырауға арнаған өлең жолдарын оқып, «Мөңке биді тәпсірлеуден туған жыр» атты баяндамасын таныстырды. Жыраудың толғаулары мен шешендік сөздері, еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сақталып келеді. Оның «Өттің жалған-ай», «Шалқыма», «Қиқу дәурен» күйлері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің репертуарында орындалып жүр.
«Мөңке бидің өсиет сөздерін заманмен байланыстырып, әрбір кезеңде алып отырған оқиғалармен байланыстырып зерттейтін болса, көп асыл дүниелер шығады», – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Қосымова.
«Баяндамамда фальклортану бойынша зерттеу мәселесін көтеремін деп отырмын. Себебі тұлғаларымыздың сөзі ауызша келіп жеткендіктен, ортақ тұстары көп. Баяндама мақсаты – Мөңкеден келген мұраны әр қырынан ашу, оның мұрасының мән мазмұнын жан-жақты таныту», – деді фольклортанушы, дінтанушы Шәмшәдин Керім.
Оқи отырыңыз: Астана халықаралық форумында қандай мәселелер талқыланды