Түрксіб ауданында көпбалалы аналар аллеясы ашылды

15.05.2026 19:57

Қылқан жапырақты ағаштар 100 жылдан 500 жылға дейін өмір сүреді

Almaty.tv

Алматының Түрксіб ауданында көпбалалы аналар аллеясы ашылды. Экология басқармасының қолдауымен тұрғындар 300-ден астам қарағай көшетін отырғызған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аталған қылқан жапырақты ағаштар 100 жылдан 500 жылға дейін өмір сүреді. Алтын құрсақты  аналарды құрметтеу, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында аллеяға «Көпбалалы аналар» атауы берілді. Аудан тұрғындары мұндай игі бастамалардың көбеюіне қуанышты. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандағы бос жатқан аймақтарда саябақ, спорт алаңдары бой көтеріп жатыр.

«Біздің саябақ жылдан жылға көркейіп келеді. Тұрғындардың бастамасы мен демеушілердің қолдауы арқасында 10 мамырда  320 қарағай көшетін отырғыздық. Сонымен қатар ауданда көпбалалы отбасылар саны көп болғандықтан, аллеяны «Көпбалалы аналар» деп атадық. Мақсатымыз – қоғамдағы көпбалалы аналардың мәртебесін көтеру», – деді Түрксіб ауданы көпбалалы аналар кеңесінің төрайымы Ардақ Шынтемірова.¤

«Күнделікті немеремді аллеяға алып келем. Көпбалалы аналарға аллея ашқанына рахмет айтқым келеді. Бәрі күнделікті жас ата-аналар келіп, демалады. Өте қуаныштымыз!» – деді тұрғын Алмагүл Төркінбеков.

Оқи отырыңыз: Берекелі некенің құпиясы: 60 жыл отасқан қариялар жастарға қандай ақыл айтты