Медеу ауданында «Отбасы күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты кездесу өтті
Медеу ауданында «Отбасы күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты кездесу өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Армия үйіне 200-ден астам жас пен қоғам белсенділері бас қосып, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеді. Шараның басты ерекшелігі 40, 50 және 60 жылдан астам бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан өнегелі отбасылар жас буынмен ашық сұхбат құрып, берекелі некенің құпиясы және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Журналист Жазира Бегалы тізгіндеген еркін форматтағы бұл пікір алмасу жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауды, шаңырақтың беріктігін сақтау және үлкендердің ғибратты жолын үлгі етті. Сондай-ақ кездесу барысында отбасылық дәстүрлер мен рухани тәрбиенің маңызы талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмасу арқылы өнегелі ұрпақ тәрбиелеудің өзекті мәселелеріне тоқталды.
«Отбасында береке болса, қоғамда да береке болады деп есептейміз. Бірін-бірі түсініп, сыйлап, тыңдап, сабырға шақырса, сол кезде ғана отбасы сақталады деп ойлаймыз. Соның бәрін қазіргі жастарымызға жеткізу керек», – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады