Такси жүргізушісі қызды өзгемен де жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, ақша тапқан
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 17 жастағы қыз туысы әрі ауылдасы өзіне зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, онымен тоқтамай, видеоға түсіріп бопсалап, қорқыт, өзгелермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда полиция «Зорлау» дерегі дәлелденбеді, ал «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу» бабымен іс тергеліп, сотқа жолданғанын хабарлады.
«Қолымнан ұстады да, машинаға тартып кіргізді. Содан соң өзінің ұялы телефонына видеоға түсіріп алды», - деп мәлімдеді қыз бала.
Аты-жөнін айтып, түр-түсін көрсетпеуді сұраған қыз бала оқиға 2024 жылдың тамыз айында болғанын жеткізді. Жетісай қаласынан ауылына қайтпақ болған ол таксиге жалғыз отырған. Жол-жөнекей такси жүргізушісі оны сөзге тартқан. Көлік жүргізуді тегін үйрететінін айтып, сеніміне кірген.
«Бірінші күні ол машина айдауды үйретті. Сосын қайттық. Сол күні 2 мың теңгені алмады. «Бензин бар, екінші күні құясың» деп айтты», - дейді қыз.
Такси жүргізушісі ертеңіне кешке тағы шығуын сұраған. Қыз әкесіне «құрбыларыммен отырамын» деп сұранып, бензин-пұлға 2 мың теңге алып шыққан. Көлік жүргізуді үйреніп, түнгі ондар шамасында үйіне қайтпақ болғанда такси жүргізушісі оны көлігімен егіндікке алып кірген. «Ауылдың адамы әрі туысым болған соң көлік жүргізуді үйретуіне келіскен едім» дейді ол сан соғып.
«Алдыңғы орыннан арқаға отырған соң ол кісінің ойы арам екенін сезіндім. Машинаның есігін ашамын дегенде ол кісі есіктерді құлыптаған екен. Қолымнан ұстады да тартып кіргізді, содан соң өзінің ұялы телефонына видеоға түсіріп алды. Бірінші күннен бастап маған күнде тиісті. Өзінің арам ойын жүзеге асырып жатқанда видеоға түсіріп алды. Содан соң егер біреуге айтатын болсаң осы видеоларды жариялаймын деп айтты», - дейді жәбірленуші.
Мұнымен қоса ұрып-соғып, шашынан тартып қорлаған. Сөйтіп шамамен екі сағаттан соң ауыл шетіне әкеліп тастаған. Ол мұнымен тоқтамаған.
«Екі күннен кейін тағы хабарласты. Ішімдік ішіп алған екен. «Өзіңді видеоға түсіріп жібересің, әйтпесе өзім түсірген видеоларды жариялаймын» деді. Қорыққанымнан, амалым таусылғаннан видео түсіріп жібердім. Ата-анам, инсульт, инфаркт алған. Ол нәрсе жария болса, көшеде жүре алмайтын едім. Мен жіберген видеоларды қалдырып, маған тиіскенде түсірген видеосын өшіріп тастады. Сосын тағы тиісті. Бір ай солай ұрып-соғып, өзінің арам ойын жүзеге асырып жүрді», - дейді жәбірленуші.
Оның айтуынша, такси жүргізушінің екі әйелі, бала-шағасы бар. Жүргізуші кәмелет жасқа толмаған қызды өзі қорлағанымен қоймай, өзгемен де жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Сол арқылы ақша тапқан. Айтқанын орындамаған жағдайды қылқындыруды шығарған. «Өлтіремін» деп қорқытқан. Бұған шыдамаған қыз көп өтпей өзіне өзі қол салған. Әбүйір болғанда, оны ата-анасы аман алып қалған. Ата-анасы болған мән-жайды білгеннен полицияға арызданған.
Алада полиция Қылмыстық кодекстің «Зорлау» және «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ «зорлау» дерегі дәлелін таппаған.
«Тергеу кезінде арызданушының уәждері ескеріле отырып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушінің уәждері өз дәлелін таппады. Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты «Зорлау» фактісімен қозғалған іс тоқтатылды. Қабылданған шешім қадағалаушы органмен келісілді», - делінген Түркістан облыстық полиция департаментіің хабарламасында.
Полиция мәліметінше, іс «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу» бабымен тергеліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.
Оқи отырыңыз: Өзін-өзі өртемек болған: Қарағандыда арнайы жасақ оқыс оқиғаның алдын алды