Түркістан облысында 250-ге тарта рұқсатсыз қоқыс алаңы анықталды

Табиғатты ластағаны үшін 17 лауазымды және жеке тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 9 миллион теңгеден аса айыппұл салынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында ғарыштық мониторинг кезінде өңірден 250-ге тарта рұқсатсыз қоқыс алаңы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Табиғатты ластағаны үшін 17 лауазымды және жеке тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 9 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Сала мамандарының ақпарынша тексеріс кезінде экологиялық заңнаманы бұзудың 177 дерегі тіркеліпті. Сондай-ақ заңсыз карьер қазушыларға қарсы бақылау да күшейтілді. Бір жыл ішінде пайдалы қазбаларды өз бетінше өндірмек болған 325 адам жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Табиғатты табыс көзіне айналдырғысы келгендерге талап енді қатаң болмақ.

«Пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 423 дерегі анықталып, 325 жеке тұлғаға қатысты барлығы 7,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, 102 іс-құжат әкімшілік іс қозғауға дәлелді. Құжаттардың толық болмауына байланысты кері қайтарылды», – деді Түркістан облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Қадырхан Бейсенбаев.

Оқи отырыңыз: Қызылордада азот оксиді құйылған шарлар сатылып келген: тергеу басталды

Новости партнеров