Түркістан облысында дәрігерлер 1 жастағы баланың білегін кесуге мәжбүр болды

11.09.2025 15:36

Науқас аураханада ем қабылдап жатыр

Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты ауылда 1 жастағы баланың қолы еттартқышта шайналып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазатайым оқиға сәбидің ата-анасы қыстық азық дайындап жатқан кезде болған. Нәтижесінде, бүлдіршіннің оң қолы шынтағына дейін зақымданып, дәрігерлер балақайдың білегін кесуге мәжбүр болған. Бүгінде науқас аураханада ем қабылдап жатыр.

«Қолын сақтап қалуға мүмкіндік болмады. Өйткені еттурағыш сүйектерінің барлығын майдалап, қолы тек қана теріге ілініп тұрды. Жарақат алған кезінде көп қан жоғалтқан, травматикалық шок болған, олардың барлығы өткізіліп, ем-шаралар қолданылып, қазіргі таңда бала есі анық, жағдайы бірқалыпты деңгейде», – деді дәрігер-травматолог Ержан Шәріпов.

Оқи отырыңыз: Төбесі опырылған мектеп: Құлсарыда комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатыр