Достық үйінде қоғамдық, мәдени және білім беру іс-шараларын өткізуге барлық жағдай жасалған
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде Достық үйлерінің саны артып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жаңа Достық үйі Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ашылды. Нысан қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды орталықтардың біріне айналмақ.
Ғимарат 300 орынға есептелген және заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жалпы аумағы – 2 844,71 шаршы метр.
Достық үйінде қоғамдық, мәдени және білім беру іс-шараларын өткізуге барлық жағдай жасалған. Мұнда этномәдени бірлестіктердің жұмыс істеуіне, жастар бастамаларын дамытуға, азаматтық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға мүмкіндік бар.
Жаңа нысанның ашылуымен еліміздің өңірлеріндегі Достық үйлерінің саны 38-ге жетті. Достық үйлерінде этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары бас қосып, ел бірлігі мен татулығын бекемдеуге және мәдени әралуандықты дәріптеуге қызмет етеді.
Оқи отырыңыз: Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты