Түркістан облысында қауіпті су айдындары бақылауға алынды

09.06.2026 19:44

Биыл өңірде 16 адам суға кетіп, көз жұмған

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып, қайғылы оқиғалар көбейген. Биыл өңірде 16 адам суға кетіп, көз жұмған,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның 12-сі – балалар. Ең өкініштісі, қайғылы жағдайлардың көбі арнайы жағажайларда емес, үй маңындағы арықтар мен каналдарда болған. Тіпті жылыжай аумағындағы шұңқырға құлаған екі бала да ажал құшты. Ал Келес ауданында суға кеткен інісін құтқармақ болған жасөспірімнің өзі ағысқа кетіп, қаза тапты. Қазір облыстағы шомылуға болмайтын 111 қауіпті орын бақылауға алынған. Полиция мен еріктілер күн сайын рейд жүргізіп, тұрғындарға ескерту жасап жатыр. Бірақ мамандар мұндай шаралардың өзі жеткіліксіз деп отыр. Айта кетейік, өңірде суға түсуге арналған 70 жағажай бар.

«Рейдтік профилактикалық жұмыстарын жүргізудеміз. Қазіргі таңда патрульдік график құрылған, елдімекеннен өтетін қауіпті су учаскелеріне патрульдеу жұмыстары жүргізілуде», – деді ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Фурхат Жолдасов.

Оқи отырыңыз: СҚО-да жоғалған ерекше жасөспірім үш сағатта табылды