Полицейлер көлік ішіндегілерді сол жерде ұстап, бөлімшеге жеткізген
Түркістан облысында қыз алып қашпақ болғандар ұсталды. Кәдімгі кинодағыдай оқиға өңірдегі күре жолдардың бірінде болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жол бойында кезекшілікте тұрған патрульдік полиция қызметкерлері заулап бара жатқан автокөліктің ішінен терезеге қолын бұлғап, көмек сұраған қызды байқап қалады. Тәртіп сақшылары темір тұлпарды тоқтатқан сәтте, ішіндегі бойжеткен өзіне араша түсуді сұраған. Полицейлер көлік ішіндегілерді сол жерде ұстап, бөлімшеге жеткізіпті.
Аталған дерек бойынша «некеге тұруға мәжбүрлеу» фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Алайда бойжеткен кейін арыз жазудан бас тартқан. Қазір оқиғаның барлық мәнжайы жан-жақты тексеріліп жатыр.
«Полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, мәнжайды анықтады. Белгілі болғандай бойжеткенді өз еркінен тыс алып кетіп бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша үйлену мақсатында жолға шыққан. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деді Полиция департаменті Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Қайрат Әлекешев.
Оқи отырыңыз: Ақтауда борышкерлерден 129 миллион теңгеден астам берешек өндірілді