Түркістан облысында мақта зауыты отқа оранды

15.12.2025 15:02

Тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталып жатыр

Almaty.tv

Түркістан облысында мақта зауыты отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызыл жалын әп-сәтте қаз-қатар жиналған 260 тонна өнімнің күлін көкке ұшырды. Өрт аумағының ауқымды болғаны соншалықты, жалпы саны 13 техника лапылдаған отты 3 сағат бойы сөндірген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Астанада жұмысшы мерт болды: тергеу басталды