Түркістан облысында заманауи көрме орталығы ашылды

29.10.2026 20:57

Мұнда халықаралық деңгейдегі көрмелер мен жәрмеңкелер, іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған

Түркістан облысы әкімдігініңбаспасөз қазметі

Кәсіпкерлер күні мерекесінде Түркістан облысында заманауи көрме орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, аудан ақсақалдары мен еліміздің өзге өңірлерінен келген қонақтар қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа нысан Түркістан қаласына іргелес Сауран ауданындағы өндірістік паркте орналасқан. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 4428 шаршы метр. Оның 2 592 шаршы метрі көрме залына, ал 1 836 шаршы метрі әкімшілік-тұрмыстық кешенге арналған.

Орталықта көрме залымен қатар, кеңсе бөлмелері, конференц-зал, лобби, кофехана, асхана және басқа да қажетті бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар ғимаратта ауданы 358,5 шаршы метр болатын үлкен LED-экран орнатылған.
Мұнда халықаралық деңгейдегі көрмелер мен жәрмеңкелер, іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Жаңа ғимарат ашыла сала «Түркістанда жасалған» тауарлар көрмесі мен Кәсіпкерлер күніне арналған республикалық деңгейдегі форум өтті.

Оқи отырыңыз: Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры Қазақстанмен жаңа стратегияны талқылауда

Толық көрсету